Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету: Порталда алаяқтықтың алдын алу жөніндегі шаралар

Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету: Порталда алаяқтықтың алдын алу жөніндегі шаралар

Әлеуметтік қызметтер порталы – мүгедектігі бар адамдарға техникалық құралдар мен оңалту қызметтерін еркін таңдауға мүмкіндік беретін жүйе. Алушы, Өнім беруші және Уәкілетті органның өзара әрекеті Порталдағы Шартпен реттеледі.

Өнім беруші тек Порталда көрсетілген сипаттамаға сай тауарлар мен қызмет ұсынуы тиіс. Қосымша талаптар, жарнама, акция, сыйақы немесе қосымша қызмет ұсынуға тыйым салынады. Алушы тек тауар/қызмет құны кепілдендірілген сомадан асқанда ғана қосымша төлем жасайды.

Егер қосымша шарттар, регламент бұзушылық немесе алаяқтық белгілері байқалса, Алушылар уәкілетті органға хабарлауы қажет. Бұл жосықсыз өнім берушілерді тізілімнен шығаруға негіз болады.

Қосымша ақпарат: 1414, 87132-56-00-43 (ішкі 117).