
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы ҚР Президентінің 2008 ж. 23 қаңтардағы N523 Жарлығымен «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинацияларымен және «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы бойынша жыл сайын өткізіліп келеді.
2025 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсына 16 өтінім түсті.
Өңірлік деңгейде номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды.
«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын»:
- ірі кәсіпкерлік субъектілері: «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС
- шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері: жеке медициналық мекеме «Шапагат» Мұғалжар ауданы
«Үздік ұжымдық шарт»:
- ірі кәсіпкерлік субъектілері: «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС
- шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері: «ПО Глобал-Спецодежда» ЖШС
«Экологияға қосқан үлесі үшін»:
- шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері: «ПК Lucrum Star» ЖШС