
Жәрмеңкенің басты мақсаты – азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, халықты бос жұмыс орындары және жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат беру.
Жәрмеңкеге өндірістік және түрлі қызмет көрсету салаларындағы 15 ұйым мен кәсіпорын 100-ден астам сұранысқа ие мамандықтар бойынша бос жұмыс орындарын ұсынды: бухгалтер, экономист, заңгер, педагог-ұйымдастырушы, рентген зертханашысы, медбике, фельдшер, аспаз, сату жөніндегі менеджер газ қазандығының операторы, жүргізуші және т.б.
Іс-шара аясында жұмыс іздеушілер жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасу мүмкіндігіне ие болды, сондай-ақ мансап орталығы мамандарынан кеңес алып, түйіндемелерін жасақтап және жұмысқа орналасуға дайындық бойынша ұсыныстар алды.
Жәрмеңкенің өткізілуі нәтижелі әрі тұрақты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге мүмкіндік береді, бұл жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеуге бағытталған.
Жәрмеңкеге жұмыссыз азаматтар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, аз қамтылған отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, борышкерлер, пробация қызметінде есепте тұрғандар және өзге де санаттағы азаматтар қатысты.
Бос жұмыс орындары www.enbek.kz электронды еңбек биржасы порталында жарияланады. Қазіргі уақытта Ақтөбе облысы бойынша электронды еңбек биржасы порталында 2000-нан астам бос жұмыс орны жарияланған.