
Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні қарсаңында, Еңбек мобильдігі орталығының ұйымдастыруымен “EnbekCup2025” облыстық спартакиадасы аясында волейболдан турнир өтті.
Спорттық шараның басты мақсаты – әлеуметтік сала мамандарының денсаулық мәдениетін қалыптастыру, ұжымдық рух пен ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ қызметкерлердің белсенді өмірлік ұстанымын қолдау болды.
Жарысқа облыстың қала және аудан Мансап орталықтарынан құралған 12 команда қатысып, өзара тартысты ойын көрсетті. Әр команда жоғары деңгейде өнер көрсетіп, ұйымшылдық пен шеберліктің үлгісін танытты.
Жарыс қорытындысы бойынша:
🥇 1-орын – Байғанин ауданының Мансап орталығы командасы,
🥈 2-орын – Ырғыз ауданының Мансап орталығы командасы,
🥉 3-орын – Темір ауданының Мансап орталығы командасы иеленді.
Жеңімпаздар кубоктармен, медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды. Шара әлеуметтік сала қызметкерлері арасында достық пен спорт рухын дәріптеген жарқын басқосу болды.