Ақтөбе облысы прокуратурасының бастамасымен «Құқық бұзушылық жасауға бейім тұлғаларды анықтау модулі» мен FSM Social мобильді қосымшасын қолдану мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өтті

Ақтөбе облысы прокуратурасының бастамасымен «Құқық бұзушылық жасауға бейім тұлғаларды анықтау модулі» мен FSM Social мобильді қосымшасын қолдану мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өтті

Ақтөбе облысы прокуратурасының бастамасымен «Құқық бұзушылық жасауға бейім тұлғаларды анықтау модулі» мен FSM Social мобильді қосымшасын қолдану мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өтті.

Кеңеске облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов пен облыс прокурорының орынбасары Айбек Тағиберген төрағалық етті. Кеңес жұмысына облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ Отбасын қолдау орталықтарының басшылары қатысты.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ләззат Уразбаева FSM Social мобильді қосымшасын енгізу бағытында Отбасын қолдау орталықтары мен басқа да жауапты мемлекеттік органдар тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.

Кеңес барысында мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын жетілдіру және жұмыс тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.