Санаторлық-курорттық емдеу мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға абилитация және оңалту жеке бағдарламасы (АОЖБ) негізінде мемлекеттік бюджет есебінен көрсетіледі.
Мүгедектігі бар адам өтінішті АОЖБ негізінде Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) арқылы береді.
Өтініш тіркелгеннен кейін қызмет алушы Әлеуметтік қызметтер порталында өз электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) арқылы санаторлық-курорттық мекемені таңдайды.
Интернетке қолжетімділік болмаған жағдайда, қала немесе аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында жүгінуге болады.
Қызмет алушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және Әлеуметтік қызметтер порталында тіркелген кез келген санаторлық-курорттық мекемені таңдауға құқылы.
Ақтөбе облысы бойынша Әлеуметтік қызметтер порталында келесі санаторлық-курорттық мекемелер тіркелген: «Шипагер» профилакториясы, «Юкон» ЖШС, «Зәру» пантоемдеу шипажайы, «Адал Ниет Ақтөбе» ЖШС, «Шипалы Аяла», «FITO MEDICAL» ЖШС және «Қуаныш» санаторий-профилакториясы.
Емдеу мерзімі – 14 күн.
📌Қосымша ақпарат алу үшін тұрғылықты жері бойынша Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгіну қажет.