Ақтөбе облысында «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері және үздік әлеуметтік жоба» республикалық байқауының өңірлік кезеңінің қорытындысы шығарылды

Ақтөбе облысында «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері және үздік әлеуметтік жоба» республикалық байқауының өңірлік кезеңінің қорытындысы шығарылды

 

Бүгін, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ләззат Уразбаеваның төрағалығымен «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері және үздік әлеуметтік жоба» республикалық байқауының өңірлік кезеңі бойынша жеңімпаздарды анықтау жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Байқауға өңірдің әлеуметтік сала мекемелері мен ұйымдарынан барлығы 51 өтінім қабылданды. Құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында жүргізілді. Байқауға қатысу үшін өтінімдер ресми www.qamqor.enbek.kz порталы арқылы жолданды.

Қатысушылар әлеуметтік қорғау саласының басым бағыттарын қамтитын келесі жеті негізгі номинация бойынша өздерінің кәсіби жетістіктері мен жобаларын ұсынды:

  • Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының үздік әлеуметтік қызметкері;
  • Үйде қызмет көрсететін ұйымның үздік әлеуметтік қызметкері;
  • Үздік әлеуметтік инспектор;
  • Медициналық-әлеуметтік сараптама саласының үздік қызметкері;
  • Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің үздік әлеуметтік педагогі;
  • Еңбек мобильділігі орталығының (мансап орталығы) үздік қызметкері;
  • Үздік әлеуметтік жоба.

Байқаудың негізгі мақсаты — әлеуметтік қорғау саласындағы білікті мамандарды анықтау және қолдау, тиімді әрі инновациялық тәжірибелерді ілгерілету. Бұл бастама халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дамытуға, сондай-ақ әлеуметтік қызметкер мамандығының мәртебесін көтеріп, оның қоғамдағы оң имиджін қалыптастыруға бағытталған.