Халықаралық қарттар күніне орай облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Лаззат Уразбаева әлеуметтік саясатты жүзеге асыруға елеулі үлес қосқан әлеуметтік сала ардагерлері – Есімқан Есенбаев пен Құралай Байменованы арнайы барып құттықтады.
Есімқан Есенбаев - 1999–2002 жылдары облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасын басқарған. Ол – «Құрмет» орденінің, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.
Құралай Байменова – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағының, «Алтын жұлдыз», «Отан», «Құрмет» ордендерінің иегері, Ақтөбе қаласындағы сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығының төрайымы.
Еңбек ардагерлері – көп жылғы адал еңбектің, қоғамға қызмет етудің жарқын үлгісі. Олардың кәсіби жолы өңірдің әлеуметтік саласының қалыптасуы мен дамуына айрықша ықпал етті. Бүгінде ардагерлер қоғамдық өмірге белсене араласып, өздерінің мол тәжірибесі мен білімін жас ұрпақпен бөлісіп келеді.