Ақтөбе облысы бойынша 2025 жылғы 4-тоқсандағы кедейлік шегінің мөлшері

Ақтөбе облысы бойынша 2025 жылғы  4-тоқсандағы  кедейлік шегінің  мөлшері

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2023 жылғы              19 мамырдағы № 160 «Кедейлік шегінің мөлшерін айқындау туралы» бұйрығына сәйкес Қазақстан  Республикасы  бойынша  кедейлік шегі 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген тоқсанының алдындағы тоқсанға есептелген медианалық табыстың 35 пайызы, бірақ көрсетілген тоқсанға есептелген өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің        70 пайызынан төмен емес мөлшерінде айқындалды.

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ресми сайтындағы Қазақстан Республикасындағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы бойынша мәліметіне және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 30.09.2025 жылғы хабарламасына сәйкес Ақтөбе облысы бойынша  2025 жылдың        3-тоқсандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 55833 теңге       ( ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы), 2025 жылдың 3-тоқсандағы Отбасының цифрлық картасы негізіндегі медианалық табыс 102108 теңге құрады.

Облыс бойынша 2025 жылғы 4-тоқсанына  атаулы әлеуметтік көмекті есептеу үшін кедейлік шегінің  мөлшері   39083 теңге (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы)   мөлшерінде айқындалғанын хабарлайды.