Бүгін, Халықаралық қарттар күніне орай облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Лаззат Уразбаева №1 Әлеуметтік қызмет көрсету орталығына арнайы барып, онда тұрып жатқан қарттарды мерекемен құттықтады.
Кездесу барысында басқарма басшысы жиналғандарға ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық пен жарқын көңіл-күй тілеп, әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстардың тұрақты түрде жалғасатынын атап өтті.
Мерекелік кеште Өнер орталығының шығармашылық ұжымы концерттік бағдарлама ұсынып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
250 орынға арналған бұл мекемеде қазіргі таңда 237 адам әлеуметтік қызмет алуда. Мұнда күнделікті күтімді қажет ететін егде жастағы азаматтар мен 1 және 2 топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік-медициналық, құқықтық, психологиялық және тұрмыстық көмек көрсетіледі.
Айта кетейік, Қарттар күні – өмірлік тәжірибесі мол аға буынның қоғамдағы рөлін айшықтайтын маңызды мереке. Осындай игі шаралар аға ұрпаққа деген сыйластық пен алғыстың нақты көрінісі болып табылады