Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Л.Уразбаеваның Еңбек күнімен құттықтауы

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Л.Уразбаеваның Еңбек күнімен құттықтауы

Құрметті жерлестер!

Бүгін қыркүйектің соңғы жексенбісінде елімізде Еңбек күні атап өтіледі. Бұл мереке – ел дамуына өз үлесін қосып жүрген еңбек адамдарына құрмет көрсету күні.

2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланып, еңбек нарығына қажетті білікті мамандарды даярлауға, еңбек қауіпсіздігі мен жағдайын жақсартуға ерекше назар аударылуда.

Осы мереке қарсаңында баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге мол табыс тілеймін!

Құрметпен, Лаззат Уразбаева Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы