🎙️ "Тандем 104,7 FM" радиосының тікелей эфирінде
Бүгін Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Гаухар Абдибекова Отбасын қолдау орталықтарының қызметі туралы сұхбат берді.
📍 Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласы мен облыстың 12 ауданында 13 Отбасын қолдау орталығы жұмыс істеп тұр.
🔹 Орталықтардың басты мақсаты – өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды қолдау және мұндай жағдайлардың алдын алу.
🔹 Орталықтарда құқықтық, психологиялық, әлеуметтік, білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша кеңес пен қолдау көрсетіледі.
📞 Кез келген өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасы немесе оның мүшелері «111» жедел байланыс орталығына хабарласуына немесе әр өңірде ашылған Отбасын қолдау орталықтарына тікелей жүгінуіне болады.