Қайта даярлау курстары Ақтөбе облысында жұмысқа орналасуға жол ашуда

Қайта даярлау курстары Ақтөбе облысында жұмысқа орналасуға жол ашуда

Ақтөбе облысында еңбек нарығының сұранысына бағытталған қысқа мерзімді кәсіптік курстар оң нәтиже көрсетуде. Оқыту Қазақстан Республикасының 2024–2029 жылдарға арналған еңбек нарығын дамыту тұжырымдамасы аясында өткізіледі. Бағдарлама азаматтарды сұранысқа ие мамандықтар бойынша қайта оқытуға және тұрақты жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге бағытталған.
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Лаззат Уразбаева «тігінші» мамандығы бойынша курсты аяқтаған түлектермен кездесіп, оларға оқу аяқталғаны туралы куәліктер табыс етті.
Жұмыс берушілердің сұранысы бойынша жұмыссыздар «Джангазиева А.» жеке кәсіпкерлігінің оқу орталығында курстан өтіп, ай сайынғы стипендия алып отырды.
Барлық қатысушылар жеке кәсіпкер Нагима Джангазиеваға жұмысқа орналастырылады.