ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов Ақтөбе облысы тұрғындарымен кездесті

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов Ақтөбе облысы тұрғындарымен кездесті

Ақтөбе облысына жұмыс сапарының екінші күні ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов өңір жұртшылығымен кездесу өткізді. Ол Мемлекет басшысының әлеуметтік-еңбек саласындағы тапсырмаларын іске асыру барысы және қазақстандықтарды әлеуметтік қолдауды күшейту жөніндегі шаралар туралы айтты. Сондай-ақ, вице-министр азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.