«Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі конкурсына түскен өтінімдерді бағалау бойынша сараптамалық жұмыс тобының отырысы өтті.

«Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі конкурсына түскен өтінімдерді бағалау бойынша сараптамалық жұмыс тобының отырысы өтті.

Бүгін облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысының орынбасары Әнуарбек Қонжардың төрағалығымен "Парыз" бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурсына қатысушылардың өтінімдерін бағалау және сараптамалық қорытындыларды дайындау мақсатында сараптамалық жұмыс тобының отырысы өтті.Отырыс барысында «Парыз-2025» конкурсына ұсынылған өтінімдер қаралды. Аталған конкурс бизнес-қоғамдастықты әлеуметтік жауапкершілікке ынталандыру, еңбек ұжымдарының жағдайын жақсартуға, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.
Биылғы жылы конкурсқа үш номинация бойынша ("Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын", "Үздік ұжымдық шарт", "Экологияға қосқан үлесі үшін") 16 субъекті өтінім берді. Сараптамалық жұмыс тобы әрбір өтінімді мұқият қарап, кәсіпорындардың әлеуметтік салаға қосқан нақты үлесін, еңбек құқықтарын сақтау деңгейін және экологиялық жауапкершілік бағытындағы бастамаларын сараптау арқылы қорытынды ұсынымдарын дайындады.
Отырыс барысында конкурстың келесі кезеңдеріне ең лайықты үміткерлерді іріктеу, сондай-ақ бағалау үдерісінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету негізгі мақсат ретінде қойылды.