ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен білім беру, әлеуметтік қорғау, тұрғын үй және дене шынықтыру салаларында мемлекеттік қызметтерді бірыңғай цифрлық платформа арқылы көрсетуге бағытталған пилоттық жобаны іске асыру мәселесі бойынша бейнеконференция форматында кеңес өткізілді.
Кеңес барысында келесі негізгі мәселелер қаралды:
– ведомствоаралық өзара іс-қимыл тетіктері;
– ақпараттық жүйелерді біріктіру;
– халық үшін қызметтердің қолжетімділігі мен ыңғайлылығын қамтамасыз ету;
– пилоттық жобаны кезең-кезеңімен енгізу және күтілетін нәтижелер.
Қатысушылар мемлекеттік қызметтерді цифрландырудың маңыздылығын атап өтіп, мемлекеттік органдар мен мүдделі тараптар арасындағы тығыз ынтымақтастықтың қажеттілігіне назар аударды.
Кеңес қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар беріліп, пилоттық жобаны жүзеге асыру жолдары айқындалды.