Еңбек министрлігі 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысын шығарды

Еңбек министрлігі 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысын шығарды

Бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде бірінші вице-министр Асқарбек Ертаевтың төрағалығымен ведомствоның 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындыларына арналған алқа отырысы бейнеконференция форматында өтті.

Жиын барысында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек қатынастарын реттеу, Инклюзивті саясат тұжырымдамасын іске асыру, цифрландыру және көші-қон процестерін басқару мәселелері қаралды.