Ақтөбеде мамандандырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтуде

Ақтөбеде мамандандырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтуде

Бүгін Ақтөбе қаласының Мансап орталығы бас бостандығынан айырылғандар, пробация есебінде тұрғандар және алимент төлемегендерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастыруда.

Жәрмеңкеге 9 жұмыс беруші қатысып, 41 бос жұмыс орнын ұсынды. Ұсынылған мамандықтар: слесарь, дәнекерлеуші, операторлар, электромонтер, қазандық операторы, массажист, бармен және т.б.

Іс-шара барысында жұмыссыз азаматтарға жұмыспен қамтудың белсенді шаралары, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту және мемлекеттік қайтарымсыз грант туралы ақпарат берілді.

📌 Бүгінгі таңда Ақтөбе қаласы бойынша Электронды еңбек биржасында (www.enbek.kz) 1006 бос жұмыс орны жарияланған.