Өңірлік жұмыспен қамту картасының орындалуы қаралды

Өңірлік жұмыспен қамту картасының орындалуы қаралды

2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыспен қамту картасының жүзеге асырылуы ZOOM арқылы өткен жиында талқыланды. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Л. Уразбаева төрағалық етті. Жиынға Әйтеке би, Мұғалжар, Ойыл, Хромтау аудандары әкімдерінің орынбасарлары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, мансап орталықтарының басшылары қатысты.

Жұмысқа орналастыру, әлеуметтік қолдау, жұмыссыздықты азайту мәселелері қаралып, өзекті проблемалар мен оларды шешу жолдары айтылды. Қорытындысында көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша нақты тапсырмалар берілді.