Қазіргі таңда Ақтөбе қаласы бойынша 5 модульдік пункт жұмыс істейді:
1. Тургенев көшесіндегі Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) ауданында;
2. «Халықтық кеңсе» аумағында;
3. «Далида» сауда орталығы аумағында;
4. Тұрғын қалашық базарының автотұрағы жақта;
5. Есет батыр тұрғын алабы аумағында.
Әр модульдік пунктке оператордан жауапты маман бекітілген. Сондай-ақ, келісілген кестеге сәйкес, білім басқармасының, еңбек мобильділік орталықтарының, Қылмыстық-атқару жүйесінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының және де «Отбасы банк» АҚ мамандары консультация жүргізеді.
Модульдік пункттер халыққа еңбекпен қамту, әлеуметтік қорғау, кәсіпкерлік, тұрғын үй бағдарламалары, білім беру бастамалары, жастарды қолдау бағдарламалары бойынша кеңес беру қызметтерін табысты ұсынады.