Мұғалжар және Темір аудандарында FSM Social платформасы бойынша оқыту-семинар өтті
2025 жылғы 14 мамырда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.Көшербаевтың тапсырмасына сәйкес, Алға ауданында әлеуметтік қолдау шараларын цифрландыру және өмірлік қиын жағдайдағы азаматтарды жан-жақты қолдау бойынша оқыту-семинар ұйымдастырылды. Іс-шара Мұғалжар және Темір аудандарының мамандары қатысты.
Семинар аясында келесі бағыттар қамтылды:
✅ Жеке жұмыс жоспарын тәжірибелік түрде пысықтау
✅ FSM Social мобильді қосымшасын сынақтан өткізу
✅ Өңірлік мамандарды платформада жұмыс істеуге оқыту
Іс-шараға қатысқан спикерлер:
Семинар барысында қатысушыларға әдістемелік және практикалық көмек көрсетіліп, FSM Social платформасын тиімді пайдалану жолдары түсіндірілді. Бұл шара өңірлердегі әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіруге және өмірлік қиын жағдайдағы азаматтарға уақытылы әрі сапалы қызмет көрсетуге бағытталған.