Алға ауданында FSM Social платформасы бойынша оқыту-семинар өтті.

Алға ауданында FSM Social платформасы бойынша оқыту-семинар өтті.

2025 жылғы 14 мамырдағы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.Көшербаевтың тапсырмасына сәйкес, Алға ауданында әлеуметтік қолдау шараларын цифрландыру және өмірлік қиын жағдайдағы азаматтарды жан-жақты қолдау көрсету бойынша оқыту-семинар ұйымдастырылды.

Семинар аясында:
✅ Жеке жұмыс жоспарын тәжірибелік түрде пысықтау
✅ FSM Social мобильді қосымшасын сынақтан өткізу
✅ Өңір мамандарын оқыту

Іс-шараға:
🔹 FSM Social платформасының ресми өкілі, әзірлеуші – Орашев Әділет Бақтыбайұлы
🔹 ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты “Еңбек ресурстарын дамыту орталығы” АҚ әлеуметтік-еңбек саласын талдау бөлімінің жетекші сарапшысы – Ташенбаев Асқар Ілесбайұлы
🔹 Ақпараттық жүйелер департаментінің көші-қон бойынша бас сарапшысы – Жоламан Жазира қатысты.

Қатысушыларға әдістемелік және практикалық қолдау көрсетілді.