
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованы қабылдау барысында әлеуметтік салаларды цифрландыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырма бергені белгілі.
Осыған сәйкес, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуовтің төрағалығымен әлеуметтік қолдау шаралары бойынша бизнес-процестерді цифрландыру мәселелеріне арналған жиналыс өтті.
Жиналыс барысында «Socium» платформасы мен «FSM Social» мобильді қосымшасын енгізу, жауапты сала мамандарын оқыту, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарды ерте анықтау механизмдерін іске асыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Цифрлық технологияларды енгізу әлеуметтік қолдаудың ашықтығы мен тиімділігін арттырып, тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.