
Мемлекет басшысына әлеуметтік даму, еңбек қатынастары салаларының қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды.
➤ Негізгі көрсеткіштер:
🟦биылғы 1 мамырға дейін 157,8 мың адамды еңбекпен қамту шаралары жүргізілген;
🟦143,2 мың азамат жұмысқа орналастырылған;
🟦жыл басынан бері 232 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілген.
➤ Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету:
🟦жүйелі жұмыстың нәтижесінде өндірістік жарақат алу көрсеткіші биылғы І тоқсанда 17 пайызға төмендеді;
🟦өлімге әкеп соғатын қайғылы оқиғалар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5 пайызға азайды;
🟦 кәсіптік тәуекелдерді анықтау, бағалау және алдын алу, сондай-ақ еңбек қатынастарын декларациялау тетіктерінің автоматтандырылған жүйесі енгізіліп жатыр.
➤ Цифрландыру:
🟦министр әлеуметтік-экономикалық орнықтылық пен осал отбасыны бағалауға арналған скорингті моделді қолдану тұжырымдамасын ұсынды. Бұл жобаны енгізу қаражатты шын мұқтаж жандардың пайдасына қайта бөлуге және қолдау шараларының нақты иесіне жетуіне мүмкіндік береді.
📌 Президент тапсырмасы:
➡️әлеуметтік саясатты одан әрі жетілдіру;
➡️атаулы көмектің тиімділігін арттыру;
➡️жұмыспен қамту шараларын кеңейту;
➡️еңбек және әлеуметтік салаларды цифрландыру.