Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ләззат Уразбаеваның төрағалығымен адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Күн тәртібінде адам саудасының алдын алу және балалар еңбегін пайдалануға жол бермеу мәселелері қаралды.
Жиынға құқық қорғау органдарының, жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және басқа да мүдделі құрылымдардың өкілдері қатысты.
Комиссия отырысында көтерілген мәселелер бойынша мүдделі тараптар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту және жұмысты одан әрі жандандыру тапсырылды.