Облыста мүгедектігі бар адамдарды қолдауға және олардың қоғам өміріне толыққанды қатысуына жағдай жасауға бағытталған тиісті шаралар жүзеге асырылуда.
Абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдар техникалық оңалту құралдарымен және қызметтермен қамтамасыз етілді.
Атап айтқанда: протездік-ортопедиялық, сурдологиялық көмектер, тифлотехникалық құрал, кресло-арба, санаториялық-курорттық емдеумен, жеке көмекшілер, ымдау тілі маманы, міндетті гигиеналық құралдар.
Аталған қызметтерді мүгедектігі бар адам Әлеуметтік қызметтер порталына ЭЦҚ немесе QR-код арқылы кіріп, қажетті техникалық оңалту құралын және өнім берушіні өз бетінше таңдап, тапсырыс бере алады.
Порталды пайдалану бойынша консультацияны 1414 бірыңғай байланыс орталығынан алуға болады.
Сонымен қатар, облыста мүгедектігі бар адамдарға 155 бірлік автокөлік «Инватакси» қызметтері көрсетіледі.
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Ақтөбе облысында мүгедектігі бар адамдарды техникалық оңалту құралдарын уақытша пайдалануға беру, техникалық қызмет көрсету және жөндеуге бағытталған пилоттық жоба іске қосылды.
Оңалтудың техникалық құралдарын уақытша пайдалануға беру пункті Ақтөбе қаласы, Бөкенбай батыр көшесі, 133/1 мекенжайында орналасқан.