Меню
Страницы

Ақтөбеде 20-дан астам жұмыс беруші 180-нен астам бос жұмыс орнын ұсынды

Ақтөбеде 20-дан астам жұмыс беруші 180-нен астам бос жұмыс орнын ұсынды

Ақтөбе қаласында кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шараны Облыстық еңбек мобильділігі орталығы ұйымдастырды.

Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – жұмыс іздеушілер мен жұмыссыз азаматтарға жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы толық ақпарат беру, сондай-ақ оларды өңірдегі жұмыс берушілермен тікелей байланыстырып, ұсынылған бос жұмыс орындары бойынша сұхбаттасуға мүмкіндік жасау.

Іс-шараға 20-дан астам жұмыс беруші қатысып, тұрғындарға 180-нен астам бос жұмыс орнын ұсынды. Жәрмеңкеде медицина, білім беру, қызмет көрсету, қаржы және басқа да салалар бойынша түрлі бос жұмыс орындары ұсынылды.

Атап айтқанда, мейірбике, көркем еңбек пәнінің мұғалімі, терапевт дәрігер, дерматолог, жекеменшік клиника әкімшісі, косметолог, бухгалтер, жүргізуші және басқа да мамандарға сұраныс бар.

Жәрмеңке барысында азаматтарға жұмыспен қамту және мемлекеттік қолдау шаралары бойынша жеке кеңестер берілді. Мамандар жұмысқа орналасу мәселелеріне қатысты сұрақтарға жауап беріп, қатысушыларға өздеріне сәйкес бос жұмыс орындары туралы ақпарат ұсынды. Сонымен қатар, жұмыс іздеушілер жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасуға мүмкіндік алды.

Азаматтар бос жұмыс орындары мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпаратты тұрғылықты жері бойынша Мансап орталықтарынан, сондай-ақ enbek.kz Электрондық еңбек биржасы арқылы ала алады.

Қазіргі таңда Ақтөбе облысы бойынша Электрондық еңбек биржасында білім беру, медицина және фармацевтика, көлік және логистика, өндіріс және басқа да салалар бойынша 3 мыңнан астам бос жұмыс орны қолжетімді.

Жұмыспен қамту бағытындағы шаралар жыл бойы жалғасуда. Жыл басынан бері облыста 83 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, нәтижесінде 879 адам жұмысқа орналасты. Жалпы, жұмыспен қамту органдарының көмегімен өңірде 27 949 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің сайты