Меню
Страницы

Қысқа мерзімді оқыту – сұранысқа ие мамандықты меңгеруге мүмкіндік

Қысқа мерзімді оқыту – сұранысқа ие мамандықты меңгеруге мүмкіндік

Ақтөбе облысында соңғы үш жылда қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 1760 адам қамтылды. Оның ішінде 1217 азамат тұрақты жұмысқа орналасты.

Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – еңбек нарығындағы жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес білікті кадрлар даярлау. Осы мақсатта жұмыссыз азаматтарға қысқа мерзім ішінде жаңа мамандық игеріп, қажетті практикалық дағдыларды меңгеруге мүмкіндік беретін қысқа мерзімді кәсіптік оқыту ұйымдастырылуда.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жұмыс берушілердің өтінімдері негізінде Мансап орталықтарының жолдамасымен колледждерде, оқу орталықтарында немесе тікелей жұмыс орындарында өткізіледі.

Бүгінде Ақтөбе облысында жұмысшы мамандықтарына сұраныс артып келеді. Осыған байланысты жұмыссыз азаматтар еңбек нарығында қажетті мамандықтарды игеруге белсенді түрде бағытталуда.

Атап айтқанда, азаматтар қазандық операторы, аспаз, кондитер, тігінші, ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинисі, стилист-шаштараз, бухгалтер, электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр монтері, электр-газ дәнекерлеуші, хореограф, тәрбиешінің көмекшісі сияқты мамандықтар бойынша білім алуда.

Оқытудың басты артықшылығы – азаматтар үшін оның мемлекет қаражаты есебінен толық қаржыландырылуы. Бағдарламаға қатысушыларға оқу кезеңінде ай сайын 43 574 теңге көлемінде шәкіртақы төленеді.

Сонымен қатар, қатысушыларға медициналық тексеруден өтуге материалдық қолдау көрсетіледі. Ал оқу тұрақты тұрғылықты жерінен тыс елді мекенде ұйымдастырылған жағдайда, жол жүру және тұрғын үйді жалға алу шығындары өтеледі.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту – азаматтарға жаңа кәсіпті тегін меңгеріп, еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды игеруге және тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретін мемлекеттік қолдаудың тиімді тетіктерінің бірі.

 

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері