ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Шалқар ауданы әкімдігіне қарасты құрылымдық бөлімдер мен квазимемлекеттік сектор субъектілері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2025 жылғы 01 мамыр - 01 маусым аралықта сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.

Қоғамдық кеңес мүшелері жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.

Талдауға қатысу мәселелері бойынша Шалқар ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы Томанбаев Әсет Томанбайұлына мына телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады: 8 (71335) -21-1-38.