
Өңірдің экологиялық жағдайы және оны жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар
Біздің өңір стратегиялық индустриялық-аграрлық аймақ болғандықтан, өңірдің экономикалық дамуы экожүйелерге жүктемені арттырып отыр. Қалада қоршаған ортаның ластануының негізгі көздері металлургия, химия және коммуналдық кәсіпорындар болып табылады. Өңірде 1-санатқа жататын 93 кәсіпорын тіркелген. Олардың ішінде: 24% мұнай-газ кәсіпорындарына, 21% тау-кен өндірісіне, 2% ауыл шаруашылығына қалған 53% басқа түрлеріне тиесілі.
«Облыстың Экология департаменті атмосфералық ауаның, су, жер ресурстарының жай-күйін және өндіріс қалдықтарын тұрақты түрде бақылап отырады. Облыстың эколгиялық жағдайын жақсарту бойынша жол картасына сәйкес, 2025 жылға дейін кәріз тазарту ғимараттарын жаңарту мен қайта жаңғырту жоспарланған. Ақтөбе қаласының кәріз тазарту имараттары күкіртті сутегімен ластанудың негізгі көзі болып табылады. Оларды жаңғырту жұмыстарына бюджеттен 53,5 млрд теңге, ал катализаторлар үшін 400 млн теңге бөлінді» - деді облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Талап Ұснадин өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Департаменттің мәліметінше, облыс аумағындағы ірі кәсіпорындар тарапынан да экологияны жақсартуға бағытталған шаралар атқарылуда. Мәселен, «Қазхром» АҚ ферроқорытпа зауыты газ тазарту және санитарлық аймақты көгалдандыру жұмыстарын жүргізуде. «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» шығарындыларды азайту мақсатында сүзгілерді жаңғыртуды жоспарлап отыр. Ал, «Ақтөбе ТЭЦ» газдарды кәдеге жарату қондырғысын енгізіп, шығарындыларды азайтты.