Теміржолшылар күнімен құттықтаймыз!

Теміржолшылар күнімен құттықтаймыз!

Құрметті теміржол саласының қызметкерлері!

Қадірлі сала ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – теміржолшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Теміржол - ел экономикасының күре тамыры. Қызметі қиындық пен қауіпті міндетке толы көлік кешенінің жетекші саласы. Жолаушылар мен жүк тасымалының басты қатынас құралы екендігін де жақсы білеміз.

Ғасырлық тарихы бар отандық теміржол жүйесінде тоғыз жолдың торабын байланыстырған «Шалқар станциясының» алар орны айқын. Темірдей тәртіпке бағынып, өз міндеттеріне жоғары жауапкершілікпен қарайтын теміржол тарландары ауданның дамуында өзіндік қолтаңбаларын қалдырып келеді.

Қазіргі таңда теміржолшылардың кәсіби шеберліктерінің нәтижесінде ауданымызға қарасты барлық темір жол бекеттерінде тәулік бойы жолаушылар мен жүк пойыздарының қозғалысы бір сәт те тынбай, ырғақты және үзіліссіз жұмыс істеуде. Содан болса керек, қоғам өмірін бұл саласыз елестету қиын.

Бұл саланың біздің ауданымыздың дамуы мен өсіп-өркендеуіне, халықтың әл-ауқатының одан әрі жақсаруына тигізіп отырған ықпалы орасан зор.

Құрметті теміржолшылар!

Сіздер бүгінгі күні теміржол саласында еңбек етіп, еліміздің дамуы жолында, халық игілігі үшін елеулі қызмет атқарып келесіздер.

Қоғамдық маңызы зор жауапты қызметтегі кәсіби шеберліктеріңіз бен біліктіліктеріңізді біз әрдайым жоғары бағалаймыз.

Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңызға амандық тілеймін!

Тәуелсіз еліміздің игілігін молайту жолындағы ерен еңбектеріңіз толағай табыстарға толы болсын!

Шалқар ауданының әкімі Ж.ЖИДЕХАНОВ