Мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу – жүргізушілердің міндеті

Мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу – жүргізушілердің міндеті

Қазақстан Республикасының жол жүрісі қағидаларына сәйкес, техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын (машина, трактор, т.б.) басқаруға тыйым салынады. Мемлекеттік  техникалық   байқау  машиналардың техникалық  жағдайын анықтау, машина иесін, оған  тиесілі  машиналар  санын, тіркелген  нөмірлердің  дұрыстығын  тексеру мақсатында  және  техникалық  пайдалану ережелерінің  бұзылуының алдын  алу  мақсатында  жүргізіледі. Сондықтан  заңды  және  жеке  тұлғалар  міндетті  түрде  техникалардың  техникалық  жай-күйін  байқаудан  өткізу  үшін жасалған кестеде көрсетілген орынға техникаларды мемлекеттік  қызмет  көрсетушіге  ұсынуға тиісті.

Техникалық байқаудан өткізу үшін қажетті құжаттар:

  • нысанға сәйкес өтініш;
  • тіркеу құжаты.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру - көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде немесе   ҚР электрондық лицензиялау www.elicense.kz веб-порталы  арқылы жүзеге   асырылады.

      

Шалқар ауданы аумағындағы тракторларды, олардың  тіркемелерін  және жол-құрылыс  машиналарын  2024 жылғы жыл сайынғы техникалық байқаудан өткізу

КЕСТЕСІ

 

Рет №

Ауылдық  округтер

Байқау өткізуді  ұйымдастырушылар

Техникалық байқау өткізілу мерзімі

Байқау өткізілетін орын

1

Қауылжыр

Балымов  Тұрлан

13.05.2024 жыл

Қайдауыл ауылы

2

Мөңке би

Әмірханов Дәурен

13.05.2024 жыл

Мөңке би ауылы

3

Бершүгір

Айтенов Нұрхан

14.05.2024 жыл

Біршоғыр, Алабас

4

Ақтоғай

Құрмаш Ерік

14.05.2024 жыл

Қотыртас

5

Тоғыз

Ідірісов Бекболат

17.05.2024 жыл

Тоғыз,Жылан ауылы

6

Кішіқұм

Табынбеков Жалғас

17.05.2024 жыл

Шілікті, Шоқысу

7

Жаңаконыс

Каюпов  Манас

30.05.2024жыл

Аққайтым ауылы

8

Е.Көтібарұлы

Кенжалин Мирамғали

30.05.2024 жыл

Байқадам

9

Айшуақ

Әбшанов Оралбек

31.05.2024 жыл

Бегімбет

10

Бозой

Жұбаназаров Жасұлан

31.05.2024 жыл

Бозой

11

Шетырғыз

Абденова Жанна

04.06.2024 жыл

Қаратоғай,Тұмалы

12

Шалқар

Қалжан Қаржаубай

04.06.2024жыл

Жылтыр

13

Шалқар қ-сы

Құдайсүгіров Ертай

01.05.-30.06.2024

Шалқар, Шман ауылы

 

Мемлекеттік техникалық байқаудан өтпей пайдаланып жүрген техникалар анықталған жағдайда, учаскелік инспекторлар арқылы ҚР әкімшілік-құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 9 тармағы бойынша айыппұл салынатындығын ескертеміз.

 

С.Беркимбаева

«Шалқар аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ

 бас маманы