26 қазан күні, Шілікті ауылында "Екі жұлдыз" ретро-ән сайысы өткізілді.
Ән-құдыретті өнер, жан дүниені әсерлендіріп, тебірентіп толғантатын сиқырлы күш. Өскелең ұрпақты отан сүйгіштікке, жан-жақтылыққа тәрбиелеу мақсатында өткізілген іс-шараға Біршоғыр, Мөңке би, Жылтыр, Тоғыз, Кішіқұм ауылдық округтері қатысты. Іс-шараны Кішіқұм ауылдық округінің әкімі Қ.Казбеков алғысөзімен бастап, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сайыс екі кезеңнен тұрды. Атап айтқанда ретро-ән және еркін тақырыпта ән айту бойынша бақ сынасты. Нәтижесінде бас жүлдені Тоғыз ауылдық округі еншілесе, жүлделі 1-орынды Мөңке би ауылы, 2-орынды Шалқар ауылдық округі, 3-орынды Кішіқұм және Біршоғыр ауылдық округі өзара бөлісті. Жүлдегер жастарға аудан әкімінің орынбасары А.Қонақбаевтың дипломдары мен бағалы сыйлықтары табыс етілді. Сайысқа қатысқан барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!
Сайыс "Аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ-мен "Кішіқұм ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-сі құрған жылдық жоспарына сәйкес өткізілді.