Есет ауылында интернет желісі іске қосылды

Есет ауылында интернет желісі іске қосылды

Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық округіне қарасты Есет ауылының тұрғындары үшін жалпы қолданысқа арналған интернет желісі “KAZOPTICLINK” ЖШС-мен орнатылды. Интернеттің жылдамдығы 10 мбит/секундты құраса, тарату қашықтығы 250-300 метрді құрайды. Аталған игі іс мемлекеттік қаржыландыру арқылы ауылдарды интернетпен қамту мақсатында жасалып отыр. Дамыған заманның игілігіне қол жеткізген тұрғындар қуанышын алғыспен жеткізіп жатты.