Көктем-жазғы маусымның басталуымен пестицидтер мен агрохимикаттарды дұрыс сақтау мен қолдану маңызды рөл атқарады. Пестицидтерді ұқыпсыз сақтау және дұрыс пайдаланбау олардың жем, су, ауа, адамдардың тамақ өнімдерін ластауына әкеп соғады. Мұның бәрі адамдар мен жануарлар үшін өте қауіпті. Жыл сайын аудан аумағында зиянды және аса қауіпті организмдер (шегіртке тектестер) мен карантиндік объектілерге (жатаған укекіре, арам соя т.б.) қарсы күресу үшін өсімдік қорғау іс-шаралары жүргізіледі. Химиялық өңдеу жүргізу кезінде шаруа қожалықтарының басшылары улы химикаттарды (инсектицидтер, гербицидтер және т.б.) пайдаланады. Бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын пестицидтерді қолданған кезде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің зиян тигiзудiң экономикалық шегi - зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң ысырабын туғызатын, фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзудi қажет ететiн санынан жоғары болуын растайтын (фитосанитарлық iс-шараларды жүргiзу қажет етілетінегiннiң ысырабының көбеюіне әсер етуші зиянды және аса қауiптi зиянды организмдердiң санының артуы) алқаптарының зерттеу актілері болуы тиіс. Шаруашылық құрылымдары Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген пестицидтер тізбесіне енбеген пестицидтерді қолдануға болмайды және пайдалатын пестицидтерді сатып алу барысында пестицидтердің тіркеу куәлігін, өнім сертификатын, қауіпсіздік төлқұжатын талап ету арқылы оның жасандыдан және әсер етуші заттары азайтылғаннан ажыратып алумен қатар қауіпсіз қолдану технологиясын сақтай отырып жүзеге асыруы тиіс.Пестицидтерді техникалық регламенттердің талаптарын бұза отырып қолдануға, сондай-ақ пайдаланылмаған пестицидтерді, уақытша сақтауға арналған арнайы орындардан басқа жұмыс орнында қалдыруға тыйым салынады. Химиялық өңдеу 3, 4 қауіптілік классына жататын пестицидтермен жүргізілетіндіктен пайдаланылған бос ыдыстар адам денсаулығы мен жануарлар дүниесіне елеулі қауіп төндіреді. Сондықтан оларды басқа мақсатта қайта пайдалануға мүлдем болмайды. Пестицидтерден босаған ыдыстары улы заттарға қарағанда қауіптілігі аз болғанымен оларды кәдеге жарату қауіпті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы маңызды мәселе болып табылады. Пестицидтерді пайдалану кезінде уланудың алдын алу үшін әрбір препаратты қолдану әдістерімен мұқият танысып, өңдеу мен өнімді жинау арасындағы күту мерзімдерін ескеру, жеке қорғаныш құралдарын қолдану кезінде препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықты мүлтіксіз орындау қажет. Улы химикаттармен жасалатын барлық жұмыстарға 18 жасқа толған, медициналық тексеруден өткен және осы жұмыстарға рұқсат берілген адамдар ғана жіберіледі. Бала емізетін және жүкті әйелдерді, жасөспірімдерді және емделмейтін жаралары бар адамдарды машиналармен жұмыс жасауға тыйым салынады. Пестицидтерді қолдану кезінде (мысалы, өсімдіктерді өңдеу кезінде) қорғаныс киімдері мен аяқ киімдерін, газ маскасын (респираторды) пайдалану керек, өйткені ауа-тамшы жолы арқылы улардың адам ағзасына енуі көп таралған. Күндізгі тапсырманы орындау кезінде пайдаланылмаған улардың қалдықтарын қоймаға тапсыру қажет. Далаға төгілген ұнтақ немесе төгілген сұйық пестицидті топырақпен жабу керек. Улармен жұмыс істеу кезінде темекі шегуге, тамақ ішуге тыйым салынады. Жұмыс аяқталғаннан кейін жұмысшылар қолдарын сабынмен мұқият жуып, шаңды улармен жұмыс істегеннен кейін құлақтарын, мойындарын жуып, аузын шаю керек. Жұмыс орнында алғашқы көмек көрсету үшін улы химикаттармен уланған жағдайда қажетті көмек көрсету құралдарының жиынтығы бар дәрі қобдишасы болуы тиіс.
Ауыл шаруашылық құралымдары пестицидтерді жеткізушілерден (сатушылардан және т.б.) сатып алу кезінде сатып алу-сату шартына пестицидтерден босаған ыдыстарды кім кәдеге жарататыны көрсетілгеніне назар аударуы тиіс. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің "Өсімдіктерді қорғау құралдарының(пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламентті бекіту туралы" 08.06.2020 ж. №197 11.06.2020 жылдан бастап күшіне енген бұйрығының 81-тармағына сәйкес "жеткізушімен (өндірушімен, импорттаушымен) шарт болған кезде" (сатушы) металл ыдыс және полимерлік материалдардан жасалған арнайы ыдыс жеткізушіге (өндірушіге, импорттаушыға сатушыға) залалсыздандырылмаған түрінде қайтарылады, бірақ сырты таза және тығыз жабылған болуы керек деп көрсетілген.Егер шартта олай көзделмесе, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бос ыдыстарды қауіпті қалдықтарды жинауға, тасымалдауға және кәдеге жаратуға арнайы лицензиясы бар ұйымдарға тапсыруға міндетті. Алайда шаруашылықтарда бос ыдысты заңды негізде кәдеге жарату туралы ресми құжат (кәдеге жаратутуралы акт) болуы тиіс.
Улану жағдайларын болдырмау үшін жеке бизнес, ұжымдық шаруашылығы өкілдерін көрсетілген ережелерді қатаң ұстануға, улы химикаттарды пайдаланған кезде абай болуға шақырамыз.
Қызметі өсімдік қорғау саласымен байланысты ауылшаруашылық товар өндірушілері өздеріне тиіслі аумақтарда фитосанитариялық мониторинг пен іс шаралар жүргізуге, зиянкестердің даму мен таралуына жол бермеуіне міндетті. Маңызды іс шаралардың бірі фитоанитариялық есепті уәкілетті құрлымға тапсыру.
«ҚР АШМ АӨК МИК Шалқар ААИ» ММ-сінің
өсімдіктерді қорғау және карантині жөніндегі
инспекторы Айжарықов М.Қ.