Ұлттық экономика министрілігің бұйрығымен 2023 жылғы 1 сәуірден бастап «Дипломмен ауылға» бағдарламасының қаржы агенті болып Отбасы банк тағайындалды.
Енді осы бағдарлама шеңберіндегі ағымдағы қарыздарға Отбасы банкте қызмет көрсетіледі. Сондықтан «Дипломмен ауылға !» бағдарламасы бойынша кредиттері бар заматтар Отбасы банкте депозит пен ағымдағы шотты ашуы қажет. Бұл қарыз алушылардың болашақта мерзімді өткізіп алмауы және өсімпұл есептелмеу үшін жасалатын шара. Отбасы банкте депозит пен ағымдағы шот ашылғаннан кейін олар кредит талаптарын өзгерпестен оны төлеуін жалғастырады. Депозит пен ағымдағы шотты ашудың тәсілдері
-Otbasy bahk мобильді қолданбасында онлайын;
-ұялы телефоннан 300 номеріне тегін қоңырау шалу;
-жақын жердегі банк бөлімшесінде немесе кеңес беру орталығына хабарласу арқылы.