ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫ

ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫ


ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫ

Күнтізбеде желтоқсан, қаңтар, ақпан болғанымен, әдетте қыс «алты» айға созылады. Қазан мен қараша күзге тиесілі болса да, халықты бүрсеңдеткен суығымен қысты бір орайды. «Сәуір келмей, тәуір болмас» деп наурызды да қысқа еншілейміз.

Шалқар ауданы бойынша жылу желісінің ұзындығы - 16,1 км, су желісінің ұзындығы – 389,8 км, су бұру желісінің ұзындығы – 45,7 км.
Аудандағы жылу қазандықтарының саны – 95, оның ішінде, орталықтандырылған жылу қазандығы – 4, автономды жылу қазандықтары - 91. Барлық жылу қазандықтары жарамды, жұмыс жасап тұр.
2022-2023 жылғы жылыту маусымын үздіксіз өткізуге аудан бойынша барлығы 1120 тонна қатты отын және 492 тонна сұйық отын қажет, барлығы жеткізілді. Оның ішінде:
- білім бөлімі 1020 тонна қатты отын, 371 тонна сұйық отын;
- денсаулық сақтау нысандарына 10 тонна қатты отын (Тұмалыкөл МП - 5тн, Толағай МП – 5 тн);
-мәдениет нысандарына 57 тонна қатты отын (Тұмалыкөл–12 тн, Көпмола–6 тн, Жылан–7 тн, Тоғыз–32 тн), 83 тонна сұйық отын (Шілікті – 58 тн, Бершүгір – 25 тн);
- Бершүгір ауылдық округі әкімшілік ғимаратына 15 тонна қатты отын;
- Кішіқұм ауылдық округі әкімшілік ғимаратына 18 тонна қатты отын;
- Тоғыз ауылдық округі әкімшілік ғимаратына 38 тонна сұйық отын.
2022-2023 жылдардағы жылу маусымына барлық жылыту қазандықтарына ағымдағы техникалық қызмет көрсету жұмыстары жасалды, автономды генераторлары жарақты.
Аудан бойынша тұрғындарға 2560 тонна қатты отын қажет. Қазіргі таңда 2560 тонна қатты отын жеткізілді (100 %). Қатты отынды жеткізуші ҚТЖ «Магистральдық жүйе» АҚ және жеке кәсіпкерлер. Мұғалжар теміржол төсеміне (тупик) түсіріліп Бершүгір ауылдық округіне қарасты Бершүгір, Алабас, Сарысай елді мекендеріне және ЖК «Бердешова» арқылы, Тоғыз, Кішіқұм ауылдық округтеріне қарасты елді мекендерге және ЖК «Марат» камаз автокөлігімен Сексеуіл кенті арқылы, «Шалқар теміржол өрт сөндіру» мекемесіне, «Шалқар қалпына келтіру пойызы» мекемесіне, қалған елді мекендерге жеке кәсіпкерлердің тасымалдауымен жеткізілді. Бершүгір ауылына «Мұғалжар Нефтестрой» ЖШС демеушілігімен 210 тн. қатты отын келіп, 35 аз қамтылған отбасыларға және мекемеде жұмыс жасайтын 70 отбасыларға таратылып берілді. Теміржол мекемелері жұмысшылары ПЧ, ӘЭ, ШЧ мекелері арқылы берілді. Шалқар қаласына ЖК «Қайыржан» жеткізіп, тұрғындарға таратылды.
Аудан бойынша жылу қазандықтары генераторлармен толық қамтылды, қатты және сұйық отынмен толық қамтамасыз етілді, қазандықтар қалыпты жағдайда жұмыс жасауда. Тұрғындарға қажетті қатты отын жеткілікті.
Жылу, электр, сумен жабдықтау және газбен жабдықтау сияқты негізгі көздер, сондай-ақ Шалқар қаласының жылу желілері штаттық режімде жұмыс істеуде және жағдай жергілікті мемлекеттік органдарының тұрақты бақылауында болады.