Процестің қатысушыларының процестік құқықтары

Процестің қатысушыларының процестік құқықтары

Қылмыстық іс жүргізу процесі — қатысушылары әр-түрлі тұлғалар болатын күрделі процесс. Бұл тұлғаларға қылмыстық істерді тергеуде және қарауда белсенді қатысу үшін мемлекеттік органдармен жіберілген және тартылған процестік құқыққа ие тұлғалары жатады.

Бұл үшін осы тұлғаларға кең процессуалдық құқықтар берілген.

Қылмыстық іс жүргізуге: қосымша қызметтер атқаратын, қылмыстың сот ісін жүргізуді іске асыруға өкілетті мемлекеттік органдар лауазымды тұлғалар жатады.

Қылмыстық істі жүргізуге қатысушылардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексімен реттеледі.

Процестің қатысушыларының процестік құқықтарының бірі - сот актілеріне шағым беру құқығы.

Сот процесінің қатысушыларының сот шешімімен келіспейтін немесе шығарылған шешімді әділ емес деп санайтын жағдайлар жиі болып тұрады.

Қылмыстық істер бойынша: Үкім шығарумен аяталған сот талқылауы кезінде шығарылған қаулыға шағым берілген, прокурордың өтінішхаты келтірілген жағдайда, іс үкімге шағым жасау үшін белгіленген мерзім өткен соң ғана жоғары тұрған сот сатысына жіберіледі.

Яғни, қылмыстық процестік Кодекс нормаларына сәйкес заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне апелляциялық тәртіппен шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.

Сот шешіміне апелляциялық шағым жасау құқығы тараптарға, іске қатысатын басқа да тұлғаларға тиесілі.

Сондай-ақ, іске қатысуға тартылмаған, бірақ сот олардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты шешім қабылдаған адамдар да апелляциялық шағым жасауға құқылы.

Апелляциялық шағым, наразылық іске қатысатын адамдардың санына қарай көшірмелерімен қоса шешім шығарған сот арқылы беріледі.

Іс апелляциялық сатыдағы сотта ол сотқа келіп түскен күннен бастап екі ай мерзімде қаралады.

 

Шалқар ауданының прокуратурасы