Шалқар ауданы прокуратурасының қадағалау қызметі туралы

Шалқар ауданы прокуратурасының қадағалау қызметі туралы

Ағымдағы жылы Шалқар ауданы прокуратурасының қызметі аудандағы заңдылықтың нығаюына, азаматтардың құқықтары мен мемлекеттің мүддесін қорғауға бағытталды. 

Қабылдаған шаралармен жалпы қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығы қамтамасыз етілді.

         Әлеуметтік-экономикалық салада барлығы 1 тексеріс, 23 талдау жұмыстары жүргізіліп, 29 заң бұзушылықтар анықталды. Енгізілген 14 ұсынулармен 17 заң бұзушылықтар жойылып, 9534 азаматтың құқықтары қорғалды, тәртіптік жауаптылыққа 9, әкімшілік жазаға 22 жауапты тұлғалар тартылды. 27 наразылықтар қанағаттандырылды.

Прокурорлық шаралармен мемлекет бюджетіне 829 мың теңге өндірілді, 19 млн теңгенің мүлкі қайтарылды.

Инватакси қызметін қажет ететін жүріп-тұруы қиын 97 мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды тасымалдау, жұмысқа орналастыруға квота белгілеу барысында заң бұзушылықтар анықталып, шара алынды.

Аз қамтылған отбасынан шыққан 16 оқушының (ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі бойынша) құқықтары қорғалды. Мектеп директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Мақсатқа сай пайдаланылмаған 191 мың гектар болатын 96 жер анықталып, қазіргі таңда прокурордың қадағалау актісімен құны 19,1 млн теңгенің 10 мың гектар 3 жері мемлекет меншігіне қайтарылды. 153 мың гектар жер учаскесі бар 66 шаруа қожалық иесінің ауыл шаруашылық жануарлары қожалық атына қайта тіркеліп, бұзушылықтар жойылды.

Мемлекеттік сатып алу заңнамасы бойынша 6 конкурс хабарламасы прокурордың наразылығы бойынша күшін жойды.

Көші-қон заңнамасы бойынша аудан аумағында шетел азаматтарының заңсыз жүрген 3  дерегі анықталып, олар сот қаулысымен Қазақстан Республикасы аумағынан шығарылды.

Жер қойнауының ресурстарын заңсыз пайдалану бойынша 4 дерек анықталып, Экология департаментімен 1 лауазымды және 3 жеке тұлғаларға ӘҚБтК-нің 139-бабымен әкімшілік айыппұлдар салынды.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағыты бойынша енгізілген прокурорлық актіні қарау нәтижесімен сауда объектілерін орналастыру орындарын белгілеу туралы қаулы қабылданып. Полиция бөлімімен 11 кәсіпкерлерге қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы заңсыз қаулылары (белгіленбеген орындарда сауда жасау деректері бойынша) бұзылды. 

Алимент берешегі бойынша атқару құжатын орындамағаны үшін 1 борышкерге ӘҚБтК-нің 669-бабымен әкімшілік іс қозғалып, сотпен 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Тергеу саласы бойынша барлығы 138 негізгі процестік шешімдер келісіліп, бекітілді. 17 адамға қатысты 14 қылмыстық іс сотқа жолданды.

2022 жылдың 7 айында мүдделі уәкілетті органдармен бірлесіп қабылданған шаралардың нәтижесінде жалпы қылмыстар - 25% (84-тен 63-ке) төмендеді, соның ішінде, аса ауыр қылмыстар 50%-ға (2-ден 1-ге), ауыр санаттағы қылмыс -8,3%-ға (12-тен 11-ге), ауырлығы орташа қылмыстар -44,4%-ға (45-тен 25-ке) төмендеген. Онша ауыр емес қылмыстар 122,2%-ға (9-дан 20-ға) өскен.

Қарақшылық, қорқытып алу, бопсалау, зорлау қылмыстары тіркелген жоқ.

Ұрлық -42,1%-ға (19-дан 11-ге) төмендеген, соның ішінде мал ұрлығы 71,4%-ға (7-ден 2-ге) төмендеген. Бұрын сотталғандармен жасалған қылмыстар -57,1%-ға (7-ден 3-ге),  алкоголдік мастану жағдайында жасалған қылмыстар -45%-ға (22-ден 12-ге), қоғамдық орындарды -18,2%-ға (11-ден 9-ға) төмендеген.

Бұл ретте, құлақтандыру жұмыстарына, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, қарамастан тұрғындардың алаяқтардың қақпанына түсуі жалғасыуда. Биылғы жылы алаяқтықтың 20 дерегі тіркелді, бұл өткен жылдың 7 айымен салыстырғанда 9 дерекке немесе +81,8%-ға көп.

Шалқар аудандық ПБ-нің ғимаратына күнделікті тексеру жүргізілуіне байланысты адамдардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол берілген жоқ.

Ауданда заңдылықтың сақталуына бағытталған жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

 

 

 

Шалқар ауданы прокуратурасы