Шалқар аудандық терроризмге қарсы жедел штабымен Шалқар қаласында терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізіледі.

Шалқар аудандық терроризмге қарсы жедел штабымен Шалқар қаласында терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізіледі.

2022 жылдың 23 маусымында сағат 10.00-ден 14.00-ге дейін Шалқар аудандық терроризмге қарсы жедел штабымен Шалқар қаласында терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізіледі.

Іс-шараның мақсаты Шалқар аудандық терроризмге қарсы жедел штабының күштері мен құралдарының террористік көріністерге шұғыл әрекет етуін пысықтау мен ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру болып табылады.

Осыған байланысты, Шалқар ауылының тұрғындары мен қонақтарын оқу-жаттығуға жұмылдырылатын мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауға, өткізілетін жұмыстарға түсіністікпен қарап, жеке қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз.

 

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Шалқар аудандық жедел штабы