Қадағалау жұмыстары үнемі жүргізіледі

Қадағалау жұмыстары үнемі жүргізіледі

Прокуратураның қадағалау қызметі еліміздегі заңдылықты қаматамасыз етудің сенімді тетігі бола отырып, мемлекет тарапынан алға қойылған әлеуметтік-экономикалық міндеттемелер орындалуының, қоғамдақ қауіпсіздіктің, орнықтылық пен тұрақтылықтың сақталуына кепіл бола алады.

Осы тұрғыда, 2022 жылдың өткен кезеңінде Шалқар ауданы прокуратурасымен төмендегідей жұмыстар атқарылды.

Әлеуметтік-экономикалық салада жүргізілген талдау жұмыстары нәтижесімен 21 заң бұзушылықтар анықталды. Енгізілген прокурорлық ықпал ету актілерімен 8368 азаматтың құқықтары қорғалды, 9 тұлға тәртіптік жауаптылыққа, 2 жауапты тұлғалар әкімшілік жазаға тартылды және 6 заңсыз актілер күші жойылды.

Бюджетке 828 мың теңге өндірілсе, мемлекетке 11 млн теңгенің мүлкі қайтарылды (6000 га пайдаланылмаған жерлер қайтарылды).

 Биылғы жыл Президентіміздің жарлығымен «Балалар жылы» деп жарияланғаны белгілі.

Осы орайда, 2021-2022 оқу жылы бойынша Бозой елді-мекені аумағында аз қамтылған және көп балалы, толық емес отбасы оқушылары аптасына 5 күндік ыстық тамақпен тамақтандырудан шектелгені анықталды.

Оқушылардың сабақ арасындағы үзілістерінің және ауысымдар арасындағы уақыт ұзақтылығының аз болуы салдарынан ылғалды жинау және желдету үшін уақыт жеткіліксіз болуы, оқушылардың денсаулықтарының сақталу құқықтары бұзылған.

Балаларды автокөлікпен тасымалдау кезінде көлік жүргізушілері рейс алдында және кейінгі медициналық куәландырудан өтпейтіндері, техникалық байқаудан өтпегендері, өрт сөндіргіш құралдарының жоқтығы анықталып, заң бұзушылықтар қазіргі таңда жойылды.

Аудан прокуратурасымен мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтарын қорғау бойынша тексеру жүргізілді.

Инватакси қызметін қажет ететін жүріп-тұруы қиын 97 мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың заңмен белгіленген уақытында тасымалдауға құқықтары бұзылған.

Сондай-ақ, төтенше жағдай кезеңінде 20 000  теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек көрсетілуі тиіс болатын.

Алайда, төтенше жағдай енгізілгеніне қарамастан, шешімнің 16-1-тармағында көрсетілген тұлғаларға бір реттік әлеуметтік көмек (шамамен 1038 адамға 20 млн. теңге көлемінде) көрсетілмеген.

Бұдан басқа, мақсатқа сай пайдаланылмаған 191 мың гектар болатын 96 жер анықталып, прокурормен енгізілген ұсыну бойынша қазіргі таңда кадастырлық құны құны 11 млн теңгенің 6 мың гектар 2 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды және шаруа қожалықтардың жер телімдері ауыл шараушылық жануарларының санына не агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасына сәйкестірілуде.

Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында аудандық Полиция бөлімімен бірігіп қаладағы барлық ойын-сауық орындарында түнгі уақытта рейд шаралары жүргізілуде.

Аудандық Полиция бөлімінің және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметтеріне уақытылы қадағалау жұмыстары ұйымдастырылды.

Полиция қызметкерлері тарапынан азаматтарды заңсыз ұстау, қамау, қылмыстық жауаптылыққа тарту фактілері орын алған жоқ.

Аудандық сотпен қаралған қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша прокурорлық қатысуы қамтамасыз етілді.

Аудандағы заңдылықтың нығаюына бағытталған қадағалау жұмыстары үнемі жүргізілетін болады.

 

Шалқар ауданының прокуратурасы