Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі

 

Аудан прокуратурасымен 2021 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қолданысқа енгізілгені туралы жарияланған болатын.

Кодекс мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін реттейді.

Әкімшілік рәсімдердің міндеттері жеке және заңды тұлғалардың жария құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін толық іске асыру, жария-құқықтық қатынастарда жеке және қоғамдық мүдделердің теңгеріміне қол жеткізу, тиімді және бүкпесіз мемлекеттік басқаруды, оның ішінде адамдардың басқару шешімдерін қабылдауға қатысуы арқылы қамтамасыз ету, жария-құқықтық саладағы заңдылықты нығайту болып табылады.

Сондай-ақ жекелеген санаттарды қоспағанда, жоғары тұрған әкімшілік органға келіспеген жағдайда әкімшілік актіге сотқа дейін міндетті түрде шағымдануды көздейді.

Бұл ретте әкімшілік актісіне немесе әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған әкімшілік органның немесе лауазымды адамның, егер ол үш жұмыс күні ішінде қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекет жасаса, шағымды жоғары тұрған органға жібермеуге мүмкіндігі бар.

Осылайша, сотқа дейінгі шағымдану әдісі әкімшілік органға ықтимал қателіктерді тексеруге және түзетуге мүмкіндік береді.

Жаңа кодекс мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдау процесінде және мемлекеттік органдармен дауларды қарау кезінде, жоғары тұрған органда және сотта мемлекеттік органдармен дауларды қарау кезінде азаматтар мен бизнестің құқықтарын қорғау кепілдіктерін бекітуге, мемлекет деңгейінде басқарушылық шешімдер қабылдау процесінде азаматтық белсенділікті арттыруға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және сот жүйесіне жүктемені азайтуға әкеледі.

Сондай-ақ, аудан прокуратрурасына әкімшілік рәсімге қатысушының Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру, қоғамдық қатынастарды дамыту, мемлекет пен қоғамның әлеуметтік-экономикалық және өзге де қызметі салаларын жақсарту жөнінде ұсыным бере алатындарыңызды еске саламыз.

 

Шалқар ауданының прокуратурасы