Шалқар аудандық сотында онлайн-брифинг өткізілді

Шалқар аудандық сотында онлайн-брифинг өткізілді

Шалқар аудандық сотында  «Шалқар» газетінің директоры К.Алинның қатысуымен онлайн форматта брифинг өтті.

Сот төрағасы О.Бақтыгереев аудандық сот кеңсесінің жұмысы, ағымдағы жылдың 9 айында сотта қаралған азаматтық істер, оның ішінде еңбек даулары бойынша статистикалық мәліметтерге тоқталды.

Сонымен қатар, төраға Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне және «Нотариат туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге, атап айтқанда, ақша өндіріп алу үшін борышкерден ақшаны өндіріп алу немесе өзге де жылжымалы мүлікті талап ету үшін нотариус тиісті белгі қойылатын, берешекті белгілейтін төлнұсқа құжат көрсетілген кезде бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы электрондық түрде атқарушылық жазба жасайтыны, атқарушылық жазба даусыз талаптар бойынша берешекті өндіріп алу жүргізілетіні, соның ішінде  жұмыскерге есепке жазылған, бірақ төленбеген жалақы мен өзге де төлемдерді өндіріп алу болатындығы  туралы айтып, жалақы мен қарызға қатысты дауларды сот емес, нотариус шешуге тиіс екенін ескертеді.

Сонымен қатар, баяндамашы еңбек дауларын шешу мәселесіне, сондай-ақ қызметкердің құқықтарын қорғауға, оған еңбекақы төлеу және лайықты еңбек жағдай жасауна тоқталды.

Іс шара соңыңда сот төрағасы  бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі К.Алинге брифинге қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.