«Ұлы Борсық» КМК Шалқар ауданында реттеліп көрсетілетін сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектісі болып табылады.
Өз кезегінде, Департаментпен «Ұлы Борсық» КМК-ның сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне 2021-2025 жылдарға, ал жылу энергиясын өндіру, бөлу,беру және жабдықтау қызметтеріне 2017-2021 жылдарға ұзақ мерзімді кезеңге тарифтердің шекті деңгейлері бекітілген.
Шекті тарифтер шеңберінде, жалпы сомасы 73 903,31 мың теңгеге инвестициялық бағдарлама бекітілді, соның ішінде 2021 жылға 10 114,53 мың теңге қарастырылған, оның
3 025,5 мың теңгесі жылумен жабдықтау қызметі бойынша, 3 968,84 мың теңге сумен жабдықтау бойынша, 3 120,19 мың теңге су бұру қызметі бойынша.
Сумен жабдықтау қызметіне инвестициялық бағдарлама 2021 жылы 3 968,84 мың теңге көлемінде, «Ұлпан» ст. мен 66 рзд. аралығындағы (17-18 км) ұзындығы 1000 м болатын су жүйесін ауыстыру жоспарланған.
2021 жылға су бұру қызметі бойынша 3 120,19 мың теңге көлемінде, Шалқар қаласында орналасқан ақаба суды тазалау ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған.
2021 жылға жылумен жабдықтау қызметі бойынша сомасы 3 025,5 мың теңге көлемінде, №2 қазандықтан-№5 орта мектепке дейінгі аралықтағы жылу жүйесі магистралінің жылу оқшаулауышын күрделі жөндеу бойынша инвестициялық бағдарлама жоспарланып отыр.
Барлық жүргізілген жұмыстар кәсіпорынның тұрақты жұмыс атқаруына және оның көрсететін қызметінің сапасын жақсарту бойынша үлкен септігін тигізді.
Бүгінгі күні инвестициялық бағдарламалар бойынша жоспарланған жұмыстарды орындау арқылы келесідей нәтижелерге қол жеткізілді:
Баспасөз турына «Шалқар аудандық сәулет, құрлыс тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің жетекші маманы Симбетов Медет Женсикбайұлы, Аудандық маслихат депутаты Аимбетов Жайлыбай Мырзағалиұлы, «Шалқар аудандық Қоғамдық кеңесінің» төрағасы Майкөпов Нұрлан Мысырұлы, «Шалқар» газетінің тілшісі Дәнекеров Мирлан Дәулетұлы және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.
Айта кету қажет, «Ұлы Борсық» КМК коммуналдық қызметтерін тұтынушылар Шалқар қаласы, Бозой, Бегімбет, Аққайтым, Байқадам, Тоғыз, Шілікті, Шетырғыз, Тұмалы, Қарашоқат, Қопатай, Қотыртас, Ұлпан, Бершүгір, Сарысай, Мөңке би ауылдарының тұрғындары.