Тағайындау!

Тағайындау!

Бүгін аудан әкімі Жанболат Жидехановтың №295 өкімімен Садуақасова Шұға Аяпбергенқызы Шалқар аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.
2005 жылдан бастап мемлекеттік қызметте;

2005 – 2006 жылдары «Біршоғыр әкімінің аппараты» ММ-нің маманы;

2006 – 2019 жылдары «Шалқар аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің жетекші маманы, бас маманы;

2019 – 2021 жылдары «Шалқар аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің бас маманы;

2021 жылдың сәуір айынан бастап «Шалқар аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының міндетін уақытша атқарып келді.