«Отбасылық жанжалдарды шешу жолдары"

«Отбасылық жанжалдарды шешу жолдары"

Шалқар аудандық сотында " Отбасылық жанжалдарды шешу жолдары»  такырыбында онлайн  түрде дөңгелек үстел өткізілді.

Бұл іс-шараны  Шалқар аудандық сотының судьясы С.О.Дәріқұлова  өткізді.

Аталған іс-шараға  Шалқар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі АХАТ қызметінің өкілі, Шалқар аудандың кәсіби емес медиаторы, Аналар және Ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.

Судья осы тақырып бойынша әзірлеген баяндамасын оқыды.

Баяндамашы  өз сөзінде ана және бала құқығын қорғау, отбасылық институттар мен құңдылықтарын сақтап қалу – аталмыш бағытта жұмыс істейтін мекеме-ұйымдардың көмегінсіз елестету мүмкін еместігін атап өтті. Сондықтан да  келушілерге  отбасын сақтап қалу үшін мемлекеттік органдармен қатар қоғамдық ұйымдар да бірігіп үлес қосу керектігін айтты.   

Дөңгелек үстел тақырыбын талқылау барысында Аналар кеңесінің төрайымы М.Бекетова бақытты отбасы болудың құпияларымен бөлісіп, ерлі-зайыптыларды татуластыру жолдарын  және жас отбасыны сақтап қалу үшін ауданда ата-аналармен қатысуымен  форум өткізуді ұсынды.

Дөңгелек үстел жұмысы барысында некені бұзу туралы істер бойынша татуластыру рәсімдерін жүргізу бойынша ұсынымдар әзірленді, Ардагерлер кеңесінің мүшелері ерлі-зайыптыларды татуластыруға белсенді қатысуға ниет білдірді.