Тәуелсіздік жылдарындағы прокуратура

Тәуелсіздік жылдарындағы прокуратура

Мемлекеттік тәуелсіздік қана ұлттың ұлт болып сақталуының, елдің ел болып дамуының нақты кепілі бола алады. Бұл орайда өткен жолымызға көз жүгірте қарар болсақ, еліміз ХХ ғасырдың соңына таман ғана аңсаған егемендікке қол жеткізді. Міне, биылғы жылы сол Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы тойланғалы отыр. Сонымен бірге еліміздің прокуратура органдарының құрылғаныныа 30 жыл толып отыр.

Тарих үщін 30 жыл бәлендей үлкен мерзім емес. Алайда, болған оқиғалардың қанықтылығы, кардинальды өзгерістер, еліміздің экономикасының дамуымен қатар құқықтық реформалар өмірге еніп, заң үстемдігі үлгілі үдеріске ұласты.

Мәселен, 1991 жылғы Тамыз оқиғасында республикалық прокуратура органдары сын сәтте сыр берместен қалыптасқан жағдайға байланысты тез арада жаңаша бағыт-бағдарын айқындап, ескіше жұмыс істеуден бас тартып, прокурорлық қадағалаудың тиімді тәсілдерін енгізуге күш салды. Соның арқасында елімізде болып жатқан тың үрдістер мен заң саласындағы жаңалықтар адамды қоғамның жоғарғы құндылығы ретінде бірінші кезекке шығарып, азаматтардың сотпен қорғалу құқығын кеңейте түсті. Сөйтіп, бүгінде жеке адамның құқығын қорғау прокуратура орандары қызметінің негізгі мазмұнына айналды.

 Мемлекетіміздің жаңарған Қазақстанды әлемнің аса дамыған отыз елінің қатарына қосу арманы бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша нақтыланған «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын жасаудан бастау алады.

Бұл бағытта жоғары қадағалауды жүзеге асыратын прокуратура саласында да біршама оң өзгерістер енгізілді. Мәселен, қылмыстық істер бойынша сот актілірінің заңдылығын қадағалау, жалпы қылмыстық деректерді біртұтастандыратын «Заңдылық» ақпараттық жүйесі, қылмыстық істерді электронды нұсқада тергеп-тексеру, жалпы қылмыстық процесті жаңартудың жан-жақты жолдары қылмыстық процестегі азаматтардың қорғалуын арттыру,  қылмыстық процестің  ашықтылығын арттыру, сол сияқты басқа да оң өзгерістерді айтуға болады.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында Шалқар аудандық прокуратурасында тәуелсіздік алғаннан кейін аудан прокурорлары болып қызмет атқарған  Қалбеков  Жолдыбай Тасжанұлы, Мырзалин Әбдухат Қапарұлы, Әлменов Мұрат Мақсатұлы, Әбілов Арон Әбілұлы, Айтбаев Айбек Айбергенұлы, Балғазин Әділбек Қалиханұлы сынды азаматтардың  ауданымызда заңдылықтың сақталуына, азаматтардың заңды мүдделері мен   құқықтарының қорғалуына аянбай қызмет еткенін мақтанышпен еске аламыз.

Қәзіргі таңда да аудан прокуратурасы қызметкерлері  прокуратура органдарының Қазақстан Республикасы Конституциясында белгіленген міндеттерін, Елбасымыздың, мемлекет басшысының қойған талаптарын абыроймен жүзеге асырып, ауданымызда заңдылықтың сақталуына зор үлестерін қосып, қызмет етіп жатыр.

 

Шалқар ауданының прокуроры

әділет кеңесшісі Н.Қ.Қатуовс