2021 жылғы 1-шілдеден бастап жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (ӘРПК) күшіне енді

2021 жылғы 1-шілдеден бастап жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (ӘРПК) күшіне енді

Осыған байланысты, «Әкімшілік рәсімдер туралы» және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау төртібі туралы» Заңдардың күші жойылды.
Жаңа кодекс мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін реттейді.
Бұл кодекске сай жария құқықтық даулар арнайы соттармен жаңа сипаттағы әкімшілік сот өндірісінің мәні мен қағидаларына сай қаралады.
Бұқаралық құқықтық қатынастардың қатысушылары болып бір жағынан мемлекеттік органдар, әкімшілік органдар мен лауазымды адамдар болса, екінші жағынан жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар болып табылады.
Прокурор өзіне заңда жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында салықтық, кедендік, бюджеттік қатынастардан, табиғи ресурстарды пайдалануға және қоршаған ортаға әсер етуге байланысты шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру кезінде қоршаған ортаны қорғау, қалпына келтіру және сақтау, табиғи ресурстарды пайдалану және молайту саласындағы қатынастардан туындайтын әкімшілік істер бойынша, мемлекеттен және мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау кезінде мемлекеттік сот орындаушысының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау туралы әкімшілік істер бойынша қорытынды беру үшін, сайлауға, республикалық референдумға қатысатын азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғап, сондай-ақ әкімшілік акт, әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға орай құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін өзі дербес қорғауды жүзеге асыра алмайтын адамдардың немесе шектелмеген тұлғалар тобының құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін шектеуі мүмкін болғанда не прокурордың қатысу қажеттігін сот танығанда процеске кіріседі.
Қорыта айтқанда, жаңадан құрылып келе жатқан әкімшілік әділет мемлекеттік органдар алдында азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың аясын кеңейтеді және жаңа қарқында жұмыс жасауына жол ашады.