Онлайн- семинар сабақ өткізілді

Онлайн- семинар сабақ өткізілді

Шалқар аудандық сотының судьясы Д.Исабек Шалқар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдерінің қатысуларымен онлайн-семинар сабақ   өткізді.

Судья өз баяндамасында сотқа түсетін талап-арыздардың нысаны мен мазмұны ҚР АПК талаптарына сай келмейтінін, тараптарға қатысты мәлімет толық көрсетілмейтінін, бұл талаптарды дайындыққа немесе сот отырысына шақырған кезде қиындық тудыратынын, сонымен қатар тараптардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын өкілдер сотқа уақытылы келмейтінін, немесе мүлдем қатыспайтынын, сол себептен іс созбалыққа салынатынын көрсетті. Мұндай әрекеттер немесе әрекетсіздікке жол берген өкілдерге қатысты сот өз тарапынан жеке ұйғарым шығаратынын айта кетті.

Сонымен қатар,  ҚР АПК 167- баптын талаптарына тоқталып өтті.

 Іс-шара барысында қатысушылар аталған тақырыптарға қатысты өз тарапынан пікірлерін айтып, судья олардың барлық сұрақтарына жауап беріп, белсенді қатысқандары үшін ризашылығын білдірді.