Шалқар аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

Шалқар аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

Шалқар аудандық сотымен онлайн режимінде аудан әкімдігінің, аудандық және желілік полиция бөлімдерінің, төтенше жағдай бөлімінің, Шалқар ауданының мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері мен сот орындаушысы Б.Орынқызының қатысуымен "ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараны сот төрағасы О.Ә.Бақтыгереев ашып, Әкімшілік рәсімдік -процестік кодексіне қатысты кейбір мәселелерге тоқталып,  2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер, атап айтқанда, "Әкімшілік рәсімдер туралы", "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" заңдар өз күшін жоятынын,  сондай-ақ Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті қабылдаудың негізгі мақсаттарының бірі азаматтардың мемлекетпен қарым-қатынастарындағы жария құқықтарын іске асыру және қорғау болып табылатындығына тоқталды.

Дөңгелек үстел барысында судья С.О.Дәрікұлова өз баяндамасында ӘРПК-сі әкімшілік орган мен оған қатысты осы Әкімшілік органның заңмен белгіленген жария функциялары іске асырылатын адам арасында туындайтын жария-құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталғанын, сонымен қатар ӘРПК-нің құрылымы бойынша егжей-тегжейлі түсініктеме беріп, барлық әкімшілік органдардың сақтауы үшін міндетті болып табылатын ӘРПК-нің өтініштерінің түрлері мен жаңа принциптеріне, атап айтқанда, әкімшілік процеске қатысушылардың түсініктемелерімен, мәлімдемелерімен, өтінішхаттарымен шектелмейтін соттың белсенді рөлі туралы, ал өз бастамасы немесе сондай-ақ Әкімшілік сот ісін жүргізу міндеттерін шешуге бағытталған өзге де іс-әрекеттерді орындайтының айтты.

Өткізілген іс-шара барысында ӘРПК-нің басқа да мәселелері талқыланды және оның қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар берілді.